Татарстанда "Әзірет Сұлтан" қазақстандық музей-қорығының көрмесі ашылды

320

Экспозиция 3 бөлімнен тұрады: "Рухани аманат","Яссауи мұрасы","Түркістан – Түркі әлемінің астанасы".

Татарстанда "Әзірет Сұлтан" қазақстандық музей-қорығының көрмесі ашылды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Қазан Кремль" мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында "Яссауи мұрасы және ежелгі Түркістан" халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Іс-шараны "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды. Экспозиция 3 бөлімнен тұрады: "Рухани аманат","Яссауи мұрасы","Түркістан – Түркі әлемінің астанасы".

Көрмеде мұражай-қорық қорынан археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық құнды жәдігерлердің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен картиналар, ілімін жалғастырушылардың еңбектері, дүниежүзілік мұра атанған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне байланысты тарихи артефактілер бар.

Сондай-ақ көрмеге келген көпшілік қасиетті Түркістан тарихымен және қазақ даласының ғасырлар бой қалыптасқан мәдениетімен, оның әлемдік өркениеттегі өзіндік орнымен таныса алады.

Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу