Татарстанда полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған жасөспірімді атып тастады

461

Ол ғимаратқа екі "Молотов коктейлін" лақтырған.

Татарстанда полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған жасөспірімді атып тастады

Татарстан Республикасындағы Кукмор қаласында жасөспірім бала ішкі істер бөлімшесіне шабуыл жасады. Оқиға бүгін шамамен 00:30 шамасында болды, деп хабарлады BUSINESS Online. Ақпаратты Татарстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растаған.

"Ішкі істер бөлімінің автотұрағы маңында белгісіз жас жігіт ғимаратқа қарай екі "Молотов коктейлін" лақтырды. Оның қолында пышақ та болған. Полиция қызметкерлерінің "суық қаруды тастаңыз" деген талабына бағынбай, оларға шабуыл жасап, біреуінің аяғынан жарақаттаған. Екінші офицер шабуылдаған адамды атып тастады. Ол Кукмор қаласында тұрып жатқан 16 жасар Алтай өлкесінің тумасы болып шықты", – дейді таратылған хабарламада.

Тергеу комитеті марқұм болған жасөспірімнің террористік акт жасауға ұмтылғаны және құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қастандық жасауға әрекеттенгені үшін қылмыстық іс қозғады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу