Ресейлік авиация өкілі уақытша әуежай жұмысын тоқтатуды ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазан халықаралық әуежайы таңғы 6-дан 9-ға дейін жабық болды. Татарстан астанасына баратын Омбы, Хургада мен Челябинск рейстері қосалқы аэродромдарға бағытталды. Нижнекамсктың "Бегишево" әуежайының есігі 7:45-тен 9:33-ке дейін жабылды.
Бұған дейін Қазан мен Нижнекамск әуежайлары 10 қыркүйекте, 28 тамыз бен 31 мамырда уақытша жұмыс істемеді, бірақ украиналық дрондар шабуылы туралы ақпарат болған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу