Тәтті алкогольсіз сусындар қымбаттауы мүмкін

1122

Қазақстанда тәтті алкогольсіз сусындар қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.    

Тәтті алкогольсіз сусындар қымбаттауы мүмкін

 Денсаулық сақтау министрлігі мұндай өнімдерге акциздік салық енгізуді ұсынып отыр. Алдымен 7 пайыздық, ал 2025 жылға дейін 45 пайызға жеткізу көзделген. Қарапайым тілмен айтқанда, министрлік лимонадтар мен газдалған сусындарды алкоголь мен темекіге теңестіруді сұрайды. Өйткені, олардың құрамында қант көп, ал бұл жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті мен артық салмақтың пайда болуына алып келеді,- дейді. Ведомствоның дерегіне сенсек, қазақстандық жәасөспірімдердің 17 пайызы газдалған тәтті сусындарды күнде, ал 60 пайызы аптасына кемі бір рет ішеді. Өнімдерді қымбаттату оны тұтынуды азатайды деген сенімде. Сала кәсіпкерлері болса бұған қарсы. Акциз мәселені шешпейді, керісінше, отандық зауыттарда өндіріс көлемі 40 пайызға қысқарып, импорт артады деп отыр. Салық салынса, кейбір кәсіпорындар банкротқа ұшырап, 15 мыңнан астам жұмыс орны жабылуы мүмкін екен. Ұлттық экономика министрлігі бұл ұсыныстың әзірге талқыланып жатқанын, нақты шешімнің әлі шықпағанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу