"Tau Go" смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр - ТЖМ

502

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ТЖ жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

"Tau Go" смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр - ТЖМ Фото: ortcom.kz

"Туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және Төтенше жағдайлар департаменттерінің базасымен интеграцияланатын тауға жорық әуесқойлары үшін "Tau Go" смарт-навигаторы мобильді қосымшасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Офлайн режимде жұмыс істейтін 2 ГИС жүйесін байланыстыра отырып, таулы жерлерде туристік маршруттарды цифрландыру бойынша жұмыс қолға алынды. Туристердің жүру маршруттарында қауіпсіздік шараларын сақтау және шұғыл қызметтердің телефондары  көрсетілген ақпараттық қалқандар орнатылады. Тауларда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының таулы жерлерінің жекелеген учаскелерінде 15 тау саятшылық салынды, онда туристерге күту және алғашқы көмек апаттық жинағын алуға жағдай жасалынған. Саятшылықтардың жанында "SOS" спутниктік сигналды Құтқару қызметінің "112" және "109" пультеріне беру үшін дабыл түймелері орнатылған", - деді спикер.

Сонымен қатар И.Күлшімбаевтың айтуынша, барлық ескерту шараларына қарамастан, азаматтар ауа райы жағдайларына және маршруттың қиындығына немқұрайлы қарайды, осылайша өз өмірлері мен жақындарына қауіп төндіреді. 

Биыл қыста құтқару бөлімшелерімен таулы жерлерге саяхатқа шыққан, үйге қайту үшін қозғалыс бағытын өз бетінше анықтай алмаған 147 туристті іздеу бойынша 14 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу