Тау-кен кәсіпорындары өзгерістерге дайын емес

1409

Тау-кен кәсіпорындары өзгерістерге дайын емес

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында электр қуаты нарығын енгізу мәселесі және жылыжайлық газ шығарылымына квота бөлу ережесі талқыланды.

Талқылау Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті мен Энергетика комитетінің бірлескен отырысы аясында өтті.

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі қауымдастығының төрағасы Николай Радостовец тап өткендей, 2019 жылдан бастап халықаралық талаптар мен стандарттарға сай келмейтін қуат нарығы үлгісін енгізу ең алдымен Тау-кен және металлургия кешені кәсіпорнының жұмыс істеуіне және бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсерін тигізеді. Себебі олардың өнімдеріне энергия көп жұмсалады және электр қуаты шығындары өнімнің өзіндік құнына айтарлықтай салмақ түсіреді.

Мысалы алюминийдің өзіндік құны 1 сағат кВт-қа 3,3 теңгеде электр қуаты шығынының мөлшері 17 %-дан астам, ферроқорытпада 35%-ға дейін. Осыған орай 2019 жылдан бастап қуат нарығы үлгісін енгізу Тау-кен және металлургия кешені кәсіпорындары үшін қосымша қаржылай салмақ салмақ.

Сонымен қатар отырыста Белгіленген мөлшер резерві мен жылыжайлық газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Белгіленген мөлшер резерві мен жылыжайлық газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қаулысының жобасына сәйкес, республика кәсіпорындарына квота бөлуді ҚР Энергетика министрлігі ұсынған өнім бойынша салыстырмалы коэффицентке сәйкес жүзеге асыру жоспарланып отыр.   

Аталған квота бөлу тетігінде қажетті квота мөлшерін толық алмау және айыппұл санкцияларының белгіленуі нәтижесінде, Тау-кен және металлургия кешенінің ірі кәсіпорындары үшін келеңсіз зардабын тигізеді.

Осыған орай, уақыт тығыздығын есепке ала отырып, ұсынылған салыстырмалы коэффицентті қосымша талқылау үшін аталған құжатты қабылдауды 2017 жылдың 2 тоқсанына дейін ұзарту ұсынылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу