Тау-кен металлургия саласында 224 мың адам еңбек етеді

313

Салада 14 трлн теңгеге өнім өндірілді. 

Тау-кен металлургия саласында 224 мың адам еңбек етеді Фото: dknews.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Тау-кен металлургия кешені ел экономикасында маңызды орын алады. 

"Салада 14 трлн теңгеге өнім өндіріліп, жалпы ішкі өнімнің 8%-ын құрап, 224 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша салаға 1,7 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Саладағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 102 мың долларды құрап, 9,4%-ға өсті", – деді вице-министр Үкімет отырысында.

Тау-кен секторында металл кендерінің үлесі 20%-ды, өңдеу өнеркәсібінде металлургия үлесі 40%-ды құрап отыр.

"Өткен жылы кен өндіру 7,8%-ға, ал металл өндірісі 6,9%-ға өсті. Биыл бірінші жартыжылдың қорытындысы бойынша кен өндірісі мен металлургияда оң динамика сақталып отыр", – деді Олжас Сапарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу