Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев KGIR-2025 жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстелінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, былтыр тау-кен, металлургия салаларының үлесі елдің ЖІӨ-нің 8%-ына тең болды, ал жалпы өндіріс көлемі 29 млрд доллардан асқан.
Оның 21 млрд доллар болатын бөлігі экспортқа шығарылған.
"Бұл салаға инвестициялар 3,6 млрд долларға жетті, ал жақында 5 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны 6 млрд доллардан асады, бұл шамамен 8 мың жаңа жұмыс орнын құруға септігін тигізеді", – деді ведомство басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу