"Тау-Кен Самұрық" пен Qazaq Air акциялары ІРО-ға 2022 жылы шығады

780

Акциялардың саны мен бағасы әзірге белгісіз. 

"Тау-Кен Самұрық" пен  Qazaq Air акциялары ІРО-ға 2022 жылы шығады

Пандемия "Қазақстан темір жолы" компаниясын жекешелендіру жоспарына да кесірін тигізсе керек. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі тең басқарушы директоры Ержан Тұтқышев соындай мәлімет айтты.

"Әрі қарай мерзім бойынша "ҚТЖ" тұр. Мұнда қазіргі жағдайға қарай компанияның ІРО-дағы құнын арттыру үшін  бизнес-модельді қайта пысықтауға уақыт керек. Сондықтан  оны да ІРО-ға шығару мүмкін болмай тұр. "Тау-Кен Самұрық",  Qazaq Air сияқты активтер бойынша жекешелендіру тәсілін Үкімет мақұлдауы қажет. Басқа компанияларға қарағанда бұл активтер аяқтан тұру сатысында тұр. Сондықтан жекешелендіру мерзімі 2022 жылға шегерілді. Акциялардың саны, сатылым бағасы сияқты өлшемдер ІРО өкізетін уақыт жақындағанда және инвесторлармен келіссөз өткеннен кейін ғана белгілі болады. Қазір ол өлшемдері айту мүмкін емес", - деген қор өкілі бүгінге дейін "Самұрық-Қазына" қорының 42 активі жойылғанын айтты.

"Қазіргі таңда жекешелендіру жоспарындағы тізімнің 82 пайызы орындалды. Оның ішінде 85 актив сатылған. 11 актив қайта құрылымдалып, 42 актив жойылды. Жекешелендіру бағдарламасы жоғары пайызбен орындалғанына қарамастан, соңына дейін жеткізілуі керек. Ал оның мерзімі салалардың оңалуына байланысты", – деді Ержан Тұтқышев.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу