Тау марафонына қатысқан адамдар қайтыс болды

711

Қайғылы оқиға Қытайдың Орталық Гансу провинциясында болды.  

Тау марафонына қатысқан адамдар қайтыс болды

Жар жағалаған 21 адам жазым болып, 8 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті биліктің БАҚ-қа берген мәліметіне сілтеме жасап.

Марафонға 172 спортшы қатысқан. Олар 2-3,1 мың метр биіктікте қиылысқан ойлы-қырлы жерде 100 шақырымға жүгіріп жарысқан. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты спортшылар қиын жағдайға тап болған. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ауа температурасының аяқ астынан төмендеуі, қар аралас жаңбыр мен бұршақ және қатты жел қауіп төндірген. Спортшыларды құтқару операциясына 700 құтқарушы қатысқан. Олар 151 адамды аман сақтап қалған. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу