Тау шаңғысынан әлем кубогінің бірінші кезеңіне жанкүйерлер қатыспайды

628

17-18 қазан күндері Австрияның Зельден қаласында өтетін тау шаңғысынан әлем кубогінің алғашқы кезеңіне жанкүйерлер жіберілмейді.  

Тау шаңғысынан әлем кубогінің бірінші кезеңіне жанкүйерлер қатыспайды

Тау шаңғысынан әлем кубогінің бірінші кезеңіне жанкүйерлер қатыспайды, деп хабарлайды olympic.kz.

"Жарысты тамашалайтын көрермендер болмайды. Бұл індет кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін қажет. Сондай-ақ, Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы мен Австрия шаңғы одағы да бұл шешімді құптап отыр", - дейді ұйымдастырушылар. 

Кубоктік кезең өткізілетін аймақ  төрт секторға бөлінеді. Спортшылар мен бапкерлер және БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар бір бірінен алшақ орналасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу