Тауар айналымының көлемін 337 млрд, бюджет кірісі 58 млрд теңгеге артады

451

Елімізде 6 сала бойынша таңбалау тәртібі енгізіледі. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында айтты. 

Тауар айналымының көлемін 337 млрд, бюджет кірісі 58 млрд теңгеге артады

Оның сөзінше, халықаралық тәжірибе тауарларды таңбалау – сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендететінін көрсетті. Бұған Бразилия мен Түркияда алкогольді және алкогольсіз сусындар сегментінде салық жиналу көрсеткішінің 20%-дан 142%-ға өскені дәлел. 

"Еуропалық Одақ елдерінде цифрлық қадағалау жүйесі 5 жыл ішінде контрабандалық өнім айналымын 30%-ға төмендетті. Америка Құрама Штаттарында дәрі-дәрмекті таңбалау қайтарып алу процесін 3 күннен 10 секундқа дейін жеделдетуге мүмкіндік берді", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Министрдің мәлімдеуінше, елімізде 6 сала бойынша таңбалау тәртібі енгізіледі.

"Тауар топтарын таңбалауды енгізу арқылы заңды тауар айналымының көлемін 337 млрд, ал бюджет кірісін 58 млрд теңгеге артырамыз", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу