Тауар экспорттайтын 119 компанияға көмек көрсетілді

751

Шығындарының бір бөлігі өтелді.  

Тауар экспорттайтын 119 компанияға көмек көрсетілді

Биыл 119 компаниядан тауарын экспортқа шығару үшін 219 өтінім түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі уәкілетті орган – QazTrade АҚ. 2021 жылдан бастап аталған компания Сауда және интеграция министрлігіне қарайды.

2021 жылы өткізілген 17 ведомствоаралық комиссия (ВАК) қорытындысы бойынша 119 компаниядан жалпы сомасы 4 млрд 268,5 млн теңгеге 219 өтінім мақұлданған. 

"Оның ішінде тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша – 4 млрд 166,8 млн теңге – 212 өтінім, тауарларды ілгерілету бойынша – 101,7 млн теңге, 8 өтінім тіркелді", – деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттен қолдау алған экспорттаушылар өзіне міндеттеме алады. Мәселен, тауарларды, қызмет түрлерін экспортқа шығару кезінде шығындардың бір бөлігі өтелген 119 компания 2023 жылға қарай көрсеткіштерді арттыруды жоспарлап отыр.

"Мысалы, олар экспорт көлемін 80 млрд 854 млн теңгеге; бюджетке салық аударымдарын 7 млрд 268,1 млн теңгеге; жұмыс орындарының санын 1 267 адамға арттыруды көздейді", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 2020 жылы 19 ВАК қорытындысы бойынша 216 компанияның жалпы сомасы 5 млрд 611 млн теңгеге 487 өтінім мақұлданды.

Оның ішінде 60 компания жалпы сомасы 942,4 млн теңге болатын өтем алған. Олар көрсеткіштерді арттыру бойынша өздеріне төмендегі міндеттемені алды:
- экспорт көлемін 52 398,50 млн теңгеге өсіру;
- бюджетке салық аударымдары 3 млрд 180 млн теңге;
- 1 342 адамға жұмыс орнын беру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу