Тауар мен қызмет сапасын жақсартуға ықпал ететін кеңес құрылады

906

Кеңес құрамы мен ережесі үкіметте қаралып жатыр.

Тауар мен қызмет сапасын жақсартуға ықпал ететін кеңес құрылады Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 
елімізде тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылатынын айтты. 

"Қазір тұтынушы құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды ірілендіру және салалық негізде нығайтуды көздеп отыр. Бұл қоғамдық секторға салалық мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес тұтынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді. 

"Тұтынушы құқығын қорғау туралы" заңда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру көзделген. Оның отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері талқыланып, кемшіліктер анықталып, тиісті шешім қабылданады. Осы кеңестің құрамы мен ережесі үкіметте қаралып жатыр", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Оның сөзінше, министрлік тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы атқарылған жұмыстар туралы сараптамалық баяндаманы үкіметке жыл сайын ұсынып отырады. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу