Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіледі

Талдау 18 саланы қамтымақ.  

Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіледі Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жыл сайынғы негізде жоспарлы талдау жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Талдау нәтижелері экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді алдын-ала анықтайды.

Осылайша, 2026 жылға дейінгі бәсекелестікті қорғау және дамыту тұжырымдамасына сәйкес монополияға қарсы орган жүргізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау министрліктердің бәсекелестікті дамыту жөніндегі салалық жол карталарын қабылдауы үшін негіз болып табылады.

Агенттік сарапшылар қауымдастығымен бәсекелестіктің жай-күйін талдауды талқылауды жоспарлап отыр.

"Осыған байланысты, барлық мүдделі тараптарды осы талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тыңдау және қорытынды кестесі қоса беріледі", – деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Айта кететіні, талдау 18 бағыт бойынша жүргізіледі. Оның ішінде энергетика, астық тасымалы, жол инфрақұрылмы сынды салалар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу