"Геосаяси жағдайға байланысты тауар тасымалдау мен жеткізуде өзгеріс болып жатыр. Яғни сырттан келетін тауарлардың түпкілікті құны, көлемі және жеткізу бойынша өзгерістер байқалып отыр. Бүгінде көрші елдерде тұтыну тауарлары, химиялық заттар мен жабдықтар жетіспеушілігі бар. Сондықтан кәсіпкерлер маршруттардың өзгеретінін айтып жатыр. Кәсіпкерлер бұған дейін тауарларды Ресейден сатып алса, ендігі уақытта Батыс және басқа да елдерден әкелуге мәжбүр", – деді Қуаныш Елікбаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында.