Несиеге "жасырын" қосылатын пайыздың құпиясы әшкереленді

998

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Несиеге "жасырын" қосылатын пайыздың құпиясы әшкереленді Фото: canva

Мәдина Әбілқасымова агенттік тауар бағасын белгілемейтінін еске салды.

"Мәселен, қарыз алушы тауарды қолма-қол ақшаға алғанда және бөліп төлеумен алса, қанша қосымша үстеме ақы қосылатынын нақты білуі тиіс. Яғни, тауарды қолма-қол ақшаға алса бір баға, ал бөліп төлеуге алса басқа баға болу керек. Сатып алушы несие рәсімдеген кезде тауар құнына қандай үстеме ақы қосылатынын білуі қажет", – деді агенттік басшысы Парламенттің бірлескен отырысының кулуарында.

Осылайша, бір тауарда екі түрлі баға көрсетілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу