Тауарға ілеспе құжаттардың сатылатыны анықталған

1033

Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен шекарадағы автомобиль өткізу пунктерінде өткізілетін тауарларды бақылайды.

Тауарға ілеспе құжаттардың сатылатыны анықталған

 Комитет мониторинг барысында анықталған бұзушылықтар туралы хабарлады.

"Жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын, 3 263 автокөлік құралымен жеміс-көкөніс өнімдерін әкету фактісі бойынша жеке кәсіпкерлердің атынан ресімделген құжаттарды іс жүзінде олар жазып бермеген болып шықты, яғни тауарға ілеспе құжаттар жалған. Сондай-ақ 269 тасымалдаушы жүктің кімге тиесілі екенін білмейтіні туралы түсіндірме берді",– дейді комитеттен.  

Ведомствоға тауарға ілеспе құжаттар 10 мың мен 20 мың теңге арасында сатылатыны белгілі болыпты. Комитет бұл ретте Қылмыстық кодекске сәйкес құжаттарды қолдан жасағаны, дайындағаны және өткізгені, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшін әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.

Жалған құжаттар жасау фактісі бойынша материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органының әкімшілік өндірісті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік құралын уақытша алып қоюға да құзіреті бар. Сондай жағдай БҚО "Сырым" өткізу пунктінде орын алыпты.

"Тасымалдаушыларды тексеру кезінде бір жүк автомашинасының жүргізушісі мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің заңды талаптарына наразылық білдіріп, өткізу пунктіне кірер жолды жауып тастады. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының "Сырым" өткізу пунктінде тез бұзылатын өнімдерді тасымалдайтын жүк автомашиналарының шоғырлануы орын алды",– деп жазылған комитет хабарламасында.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде микро- және шағын кәсіпкерлер субъектілері корпоративтік (жеке) табыс салығын (төлем көздерінен ұсталатындарды қоспағанда), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын, оның ішінде Одақ елдерімен өзара сауда үшін салық төлеуден босатылғанын атап айту керек. Осылайша ауыл шаруашылығын өндірушілердің салық төлеуден жалтарудың әртүрлі схемасын пайдаланудың қажеттілігі жоқ, олар онсыз да одан босатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу