Тауарлар мен қызметтердің ұлттық стандарты қайта қаралады

1114

 Мемлекет тарапынан бақылауға алынатын қызметтер спектрі кеңейтіледі. 

Тауарлар мен қызметтердің ұлттық стандарты қайта қаралады

Тауарлар мен қызметтердің сапалық қауіпсіздігін бақылау бойынша бірлескен комитет қоғамдық денсаулық сақтау және фармация комитеттерінің базасында құрылады. Мемлекет тарапынан бақылауға алынатын қызметтер спектрі кеңейтіледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Елжан Біртанов атап өткендей, қазіргі заңнамада тек медициналық қызметтерді көрсетуге ғана бақылау қарастырылған. Мысалы, егер бұл косметологиялық процедуралар болса, онда медициналық қызметкерлердің қатысуымен және медициналық іс-әрекеттер жасалады, бірақ түрлі сұлулық салондары мен шаштараздар бұл тізімнен алынып тасталады.   

"Қазір біз ең алдымен тауарлар мен қызметтердің сапалық қауіпсіздігін бақылау бойынша бірлескен комитет құрамыз, ол қазір Үкімет қаулысында жатыр. Бұл үлкен қадам", – деді Елжан Біртанов.

Бірлескен комитет қоғамдық денсаулық сақтау және фармация комитеттерінің базасында құрылатын болады. Түрлі тұрмыстық және косметологиялық қызметтер бақылауға алынады. Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, бұл бизнестің дамуына еш кері ықпалын тигізбейтін болады.

"Біз бизнес пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сәйкес жұмыс істейтінімізге сенім білдіремін. Міндетіміз бизнесті шектеп, кедергі немесе қандай да бір жемқорлық нормаларын құру емес, керісінше, бірлесе отырып, ашық жүйені құруымыз керек. Ең алдымен, қызмет көрсетудің барлық ұлттық стандарттарын қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Қызметтерді көрсету стандарттары, сондай-ақ тамақ қана емес, тұрмыстық, парфюмерлік тауарлар, ойыншықтар т.б. стандарттарына регламенттер бәрі халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу