Тауарларды сертификаттау саласында құқықбұзушылықтар жиіледі

221

2023 жылы Техникалық реттеу және метрология комитеті сәйкестікті бағалау туралы 415 құжаттың қолданылуын тоқтатты.

Тауарларды сертификаттау саласында құқықбұзушылықтар жиіледі Фото: canva.com

 

Комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев айтуынша аккредиттеу субъектілерінің 12 аттестатының күші жойылды, Ұлттық аккредиттеу орталығы 51 аттестатты кері қайтарып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2023 жылы Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша құқықбұзушылықтармен берілген сәйкестікті бағалау туралы 415 құжаттың күшін жойып, қолданысын тоқтатты", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, былтыр аумақтық департаменттер аккредиттеу субъектілерінің 12 аттестатының күші жойылды, Ұлттық аккредиттеу орталығы 51 аттестатты кері қайтарып алды. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру немесе тіркеу кезінде техрегламенттердің ішінде кең таралған өрескел бұзушылықтар: сынақ хаттамаларында аккредиттелмеген зертханаларды көрсету; қазақстандық зертханалар берген жалған сынақ хаттамаларының ұсыну; сәйкестікті растау нысаны бойынша бұзушылық; сәйкестік туралы бір декларацияға 100-ге жуық түрлі атауды тіркеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу