Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 18 ақпанда Telegram мессенджерінде ЕАЭО елдерінен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорттық тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын растайтын чат-ботты іске қосты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарлар жеткізілген өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді", – деп жазылған хабарламада.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.
"Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін @snt-approval_bot атауын теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет", - деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.