Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне арналған 3 мыңға жуық ұлттық стандарт бар

909

Тұтынушылар коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, бөлшек сауда, медицина, туризм, көлік, байланыс салаларындағы кемшіліктерге жиі  шағымданады. Бұл туралы үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне арналған 3 мыңға жуық ұлттық стандарт бар

"Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама ел тұрғындарының 46%-ы – медициналық қызметке, 36%-ы – байланыс қызметінің сапасына, 36%-ы – қоғамдық көліктің қызметіне қанағаттанбайтынын көрсетті", – деді министр. 

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне арналған 3 мыңға жуық ұлттық стандарт бар. Алайда олардың кейбір салаларда қолданылуы көңіл көншітпейді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу