Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары бірқатар құжатпен ауыстырылады

1364

Бұл ЕАЭО аумағында жүк айналымын жеделтеді. 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары бірқатар құжатпен ауыстырылады

Алдағы уақытта тауарларға ілеспе жүкқұжаттары (ТІЖ) бірқатар құжатпен ауыстырылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол төмендегі құжаттармен ауыстырылады:

Акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттары: АӨІЖ (алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаты), МӨІЖ (мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты), ТӨІЖ (темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты);

Бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңда көрсетілген тауарды шетке беруге арналған жүкқұжат (З-2 нысаны);

Тауар-көлік жүкқұжаты (ТКЖ);

Тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеткізу кезінде рәсімделетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328 СЕН). 

"ТІЖ толығымен электронды түрде рәсімделеді. Сондықтан қағаз құжат айналымы болмайды, қағаз, принтерлер, пошта шығындары азаяды. Сондай-ақ
қағаз құжаттарды мұрағаттарда сақтаудың керегі болмайды", - деді төраға орынбарасы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, бұл құжат алуды жеделдетеді. ТІЖ бірден сатып алушыға беріледі.

"ТІЖ енгізілуімен ЕАЭО шеңберінде жүк айналымы жеделдетіледі. Көлік құралдары шекара арқылы жеделдетілген тәртіппен өтеді. Өйткені, құжаттардың қағаз көшірмелерін сканерлеудің қажеті болмайды", - деді Жайдар Іңкәрбаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу