Алматы облысында тауарлық шаян өсіріліп жатыр. Болашақта өнім көршілес Ресейге экспортталатын болады. Мамандар шаян санын қолдан көбейтуге кіріскен. Біршама өскендерін 10 гектарлық жасанды тоғандарға жіберіледі. Қазір мұнда су жәндігінің бірнеше түрі бар. Оларға арнайы бассейіндерде қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Судың температурасын бірқалыпты сақтау үшін де арнайы жылу жүйесі орнатылды.
Ержан Қажынов, "Әділ" шаруа қожалығының жетекшісі:
"Шаянды өсіріп көріп жатырмыз. Жылына 10-15 тонна өнім алуға болады. Ресейден мамандар келген. Солармен бірігіп қолға алып жатырмыз."
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу