Тауарын бөліп төлеуге беретін сатушыларға тықыр таянды

Тиісті заң нормасы біраз талқыланған болатын.  

Тауарын бөліп төлеуге беретін сатушыларға тықыр таянды Фото: olx.kz

Бұдан былай Қазақстанда тауарын бөліп төлеуге беретін кәсіпкерлер қос бағаны көрсетуге міндетті саналып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған бірнеше министрлік келісіп, қол да қойған

– "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, – деп жазылған құжаттың жобасында. 

Осылайша, кәсіпкерлерге тауардың өз бағасын және бөліп төлеуге берілетін бағаны қатар көрсетуі заң жүзінде бекітілді. Бұл өз кезегінде сатушыларға едәуір қиындық тудыруы ықтимал. Бірақ, тұтынушылар шатаспайды. 

– Сатушы (оның ішінде интернет-дүкен) сатып алу-сату шартын жасасар алдында тұтынушыға тауарды өз қаражаты есебінен бөліп төлеу арқылы өткізу және бір реттік төлем арқылы өткізу кезінде оның бағасын бөлек көрсете отырып, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), оның құны, төлем рәсімі, жеткізу шарттары мен құны, кепілдік мерзімі (ол болған кезде) туралы ақпарат береді, – делінген құжатта. 

Осыған дейін Қаржы нарығын қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова "тауарларға екі түрлі баға қойылуы керек" деп есептейтінін ашық жеткізген-ді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу