"Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын"

637

Атырау облысының әкімі мәлімдеме жасады. 

"Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын"

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Егер Таубаевтың кінәсі сотта дәлелденсе, заңға сәйкес орнымды босатамын. Сот оны кінәлі деп тапса, отставкаға кетуге дайынмын. Отставкамды қабылдай ма, жоқ па – президент шешеді" деп мәлімдеді. Бұған дейін, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың 182 млн.теңге пара алды деп ұсталғаны белгілі. Ал "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, қарамағындағы қызметкер айыпты деп табылған жағдайда, сот үкімі шыққаннан кейін, он күн ішінде бірінші басшы өз еркімен қызметінен кетуге тиіс. 

Қазіргі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік облыстық бірқатар басқармаларының қызметін тексеруде.

Атап айтқанда, ол пандемия кезіндегі жұмсалған қаражаттың жұмсалуына қатысты. Тек қана сәуір-мамыр айлдарындағы короновирус дертінің алдын алып, бетін қайтаруға жұмсалған қаражат 1 млрд теңге болған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу