Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында (2900 биіктіктен жоғары) 23-27 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.
"Тауға бармауыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, Алматы аймағы бойынша көшкін қаупі жоғары 165 учаске бар. Биыл жалпы көлемі 83 мың кубтан асатын 26 профилактикалық қар массасын түсіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жалпы көлемі 400 мың текше метр астам қар көшкінінің өздігінен түсуінің 130-дан астам жағдайы тіркелген", – деп жазылған қалалық ТЖД таратқан хабарламада.
Құралай Құдайберген