Тауда шетел азаматтары құтқарылды

499

Зардап шеккендерді іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты. 

Тауда шетел азаматтары құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өздігінен түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Ерлі-зайыптылар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Сағат 20:45-те турист тауда жүрген жастардың көмегімен байланысқа шықты. Олар телефон арқылы құтқарушыларға нақты тұрған орындарын айтты. Сағат 23:36-да құтқарушылар зардап шеккендерге жетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Туристерді Медеуге дейін жеткізді.

Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды. Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын туристік маршрутты зерттеп, физикалық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыздар. Егер сізге көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8(727) 372-15-60 (ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қоңырау шалу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу