Таудағы мұздықтардың еруінен Алматыда сел жүруі мүмкін

1044

Таудағы мұздықтардың еруінен Алматыда сел жүруі мүмкін

"Шілде, тамыз айларында Алматының таулы аймақтарында күн қатты ысыған кезде мұздықтар ери бастайды. Осы уақытта өзен-көлдер арнасынан асып, тасқын болуы ықтимал", – дейді төтенше жағдай қызметінің өкілдері. Сондықтан құтқару қызметі мен "Қазселденқорғау" мекемесі қазірден қауіпсіздік шараларын бастады, деп хабарлайды khabar.kz. 

Алматы тауларында жалпы 36 көл болса, соның 17-сінде су тасу қаупі бар. Оның алдын алу үшін Ақсай, Қарғалы, Үлкен және кіші Алматы өзендерінің арналарында 8 маусымдық және 9 тұрақты бекет жасалды.  Ал көлдегі су деңгейін төмендету үшін сағатына 400 текше метр су айдайтын сорғыштар дайындалды. Бұл құрылғылар көл арнасын 80 пайызға төмендетуге қауқарлы. 

"Бұл 9 көл бірқалыпты емес. Өйткені қазан айы басталғанда көлдің деңгейі төмен қарай күрт түсіп кетеді. Сондықтан біз көлдің қауіпті кезеңіне жеткізбей, суды насостар арқылы, сифон арқылы көл деңгейін босатуға бар күшімізді саламыз", - дейді "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық басқармасының басшысы Самат Дәуленханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу