Тәуекел кубогі: Қазақстандық спортшылар финалда өнер көрсетеді

658

Көркем гимнастикадан қазақстандық атлеттер Мәскеуде тәуекел кубогінің кезеңіне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Тәуекел кубогі: Қазақстандық спортшылар финалда өнер көрсетеді

Мәскеуде көркем гимнастикадан тәуекел кубогі аясында көпсайыс бойынша бәсекелер өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Сабина Бакатова 4-ші, Эльжана Таниева 7-ші болды.

Сабина Бакатова шығыршық бойынша 20,85, доппен жаттығуда 24,3, ұршықта 24,65 және таспапен жаттығу бойынша 20,55 ұпайға ие болды.

Екінші көркем гимнаст Эльжана Таниева шығыршық бойынша 22,9, доппен жаттығуда 21,6, ал тұршықта 23,4, таспада жаттығу бойынша 19,5 ұпай еншіледі.

Бүгін, жарыстың кезекті күнінде жекелей санат бойынша финалдық кезең өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу