Тәуекел тобындағы білім алушылар уақытша қашықтан оқиды

1084

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылындағы оқу форматы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Тәуекел тобындағы білім алушылар уақытша қашықтан оқиды

"Мектептерде қосымша ауысым ұйымдастырылып, үзіліс уақытына өзгеріс енгізіледі. "1 сынып – 1 кабинет" жүйесі жұмыс істейді. Барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, балабақшалар 20-25 баладан аспайтын топ бойынша  штаттық режимде жұмыс істейді. 1- 11-сынып оқушыларына қатаң санитарлық шектеулерді сақтай отырып, оқытуды дәстүрлі форматта жүргізу, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін де дәстүрлі форматта оқыту ұсынылады.

"Ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын және денсаулығы бойынша тәуекел тобына жататын білім алушыларға уақытша қашықтан оқыту форматында білім алу ұйымдастырылады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Үкімет отырысы, білім және ғылым министрлігі, Асхат Аймағамбетов, "1 сынып – 1 кабинет" жүйесі, дәстүрлі оқыту форматы, қашықтан оқу, қашықтан оқыту

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу