"Тәуелділікті спортқа айырбаста": астаналықтар темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарға ауыстырды

225

Акция барысында жиналған электронды құрылғылар мамандандырылған зауытта жойылатын болады. 

"Тәуелділікті спортқа айырбаста": астаналықтар темекі мен вейп өнімдерін спорттық тауарға ауыстырды Фото: gov.kz

Шара аясында елордалық спортшылар өтіп бара жатқандарға электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Іс-шара Алматы ауданы әкімдігінің, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Акция аясында астаналық спортшылар қала тұрғындарына электронды темекіні спорттық құрал-жабдықтарға айырбастауды ұсынды. Олардың қатарында елорданың Жастар мәслихатының депутаты, қазақстандық спортшылар одағының мүшесі Нариман Секен болды.

"Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық маңызы зор акция өткізілді. Оның аясында біз темекі және вейп шегетін жастарға қолдарындағы зиянды заттарды бокс қолғабына, теннис жиынтықтарына, басқа да жабдықтарға айырбастауды ұсындық. Осылайша, біз елордалықтарды салауатты өмір салтына шақыра отырып, дені сау ұрпақ қалыптастыруға атсалысамыз", - деді спортшы.

Іс-шараның ұйымдастырушыларының бірі ретінде "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Сұлтан Өмірғалиев мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, жастарды спортпен айналысуға шақырды.

"Осы акция арқылы біз жастарды спортпен шұғылдану, денсаулықтарына көңіл бөлу керегін көрсетіп, дұрыс жолға салғымыз келеді", - деді маман.

Айта кетейік, аталған акцияны Нұржан Батырбеков, Айтым Жакупов, Василий Тахтай, Әлихан Асубаев сияқты танымал спортшылар қолдап, жастармен бірлесіп, елорда көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу