Тахир Халимназаровтың айтуынша, сыртқы жарақаттары Шерзатқа ауырсыну ғана тудырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот процесінде адвокаттардың бірі тәуелсіз сарапшыдан Шерзат Полаттың аузынан қан ағуының себебін түсіндіріп беруін сұрады. Халимназаров оны өкпенің кесілуімен байланыстырады.
– Өлім себебі қанның көп аққанынан болып тұр. Сыртқы жарақаттар қан жоғалтуға әкелмейді. Сол үшін қанның кетуіне онша әсері болмайды.
Өкпе кесілген кезде қан ағады, өкпе демалатын жолдармен байланысы бар ғой. Кесілген жерден ішіне аққан қан аузынан шығады. Аузынан шыққан қан – сол өкпедегі қан. Адам тірі кезінде жарақат алса да демалады. Сосын қан шығады. Әрине, бұл жағдайда физикалық күш те әсер етеді, – деді ол.
Осыған дейін тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров Шерзаттың қанша қан жоғалтқанына дейін айтып берген еді.