Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Ол елорданың оң және сол жағалауын жалғайтын болады.
Бұл құрылыс "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында жүргізілуде. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа көпір астындағы қоғамдық кеңістік құрылады.
"Тәуелсіздік даңғылынан жалғасатын жаңа көпір елордамыздың тарихи өткенін бейнелейді. Көпір сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды", – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.
Жаңа көпірдің құрылысы келесі жылға жоспарланған.