Тәуелсіздік күні дүниеге келген Қасым-Жомартқа құрмет көрсетілді

968

Елімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай "Сүйінші" сыйқорабы сыйға тартылды.

Тәуелсіздік күні дүниеге келген Қасым-Жомартқа құрмет көрсетілді

Түркістан облысында 16 және 17 желтоқсан күндері 248 сәби дүниеге келді. "Сүйінші" сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!", – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойы күні Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округі, Абай ауылының тұрғындары Жүнісбеков Нұрсұлтан мен Дәулетова Фаризаның отбасында дүниеге келген сәбиге ата-аналары Қасым-Жомарт деген есім берді.

Сәбидің ата-анасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты және "Сүйінші" қорабы жіберілді. Сыйлықты табыстау мақсатында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары құттықтап барды. Сәбидің алғашқы төлқұжаты ата-анасына табыс етілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу