Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүние есігін ашты

Олардың 7-еуі – егіз. 

Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүние есігін ашты Фото: gov.kz

16 желтоқсан күні жаңа туған нәрестелердің жыныстары (ұл мен қыз) бірдей тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 сәби дүниеге келсе, ұлдар мен қыздардың саны 362 және 363 болды. 

Негізінен, Тәуелсіздік күнінде шақалақтардың дүниеге келуі ел үшін де, қуанышын атап өтетін отбасыларға да ерекше оқиға саналады. 

Медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақытылы көмек көрсеткені айтылады. 

Әр перзентхана ата-аналарды отбасыларындағы толығуларымен құттықтап, жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі. Жергілікті әкімдіктер тарапынан құттықтап жатқандар да бар. 

Тәуелсіздік мерекесі күні Астана қаласында 18 сәби дүниеге келгенін кеше жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу