Тәуелсіздік күні енді Желтоқсан оқиғасын еске алу күні болады

3857

Тәуелсіздік күні Қазақстанда мерекелік шаралар болмайды, бұл мереке желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев парламентте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Тәуелсіздік күні енді Желтоқсан оқиғасын еске алу күні болады

"Енді салтанатты іс - шаралар 25 қазанда, ал 16 желтоқсанда Желтоқсан оқиғасын еске алу күні ретінде өткізілетін болады", - деді Абаев.

Оның айтуынша, мереке Тұжырымдамасы дайындалады, егер заң қабылданып, президент қол қойса, онда 25 қазан демалыс күні болады.

"Ол ұлттық мәртебеге ие болады. Сондықтан демалыс күні болады. Биыл, ең алдымен, (Заң қабылдауға – в.) үлгеру керек", - деді министр.

Айта кетейік, депутаттар 25 қазанды қайта Республика күні деп өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады.

Ал 1 желтоқсан "Тұңғыш Президент күні" деп аталып өтпейтін болады.

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу