Тәуелсіздік күні халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

219

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады. 

Тәуелсіздік күні халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді Фото: Матрица

Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

14 желтоқсан кезекші орталықтар 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. 17 желтоқсан, яғни сейсенбі ХҚКО мен арнайы ХҚКО азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды.

Әдетте орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Мамандар халықтан жұмыс уақытын ескеріп, қажетті қызметтерін алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу