Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды

183

Төтенше жағдайлар министрлігі де жұмысын күшейтеді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды Фото: astanatv.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияның күшейтілген режимге көшетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Халық демалатын мереке күндері полиция күшейтілген қызмет режиміне көшеді",  деді ол.

Еске салайық, 14 желтоқсаннан бастап Төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істейді.

"Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген қайғылы оқиғаның алдын алады. Біз профилактикалық жұмыстарды күшейтеміз. Азаматтардан абай болуды сұраймыз", – деді ТЖМ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу