Тәуелсіздік күні кезінде интернет неге нашар істеді

218

Құзырлы орган жаңа жыл мерекелерінде мұндай мәселе туындамайды деп отыр. 

Тәуелсіздік күні кезінде интернет неге нашар істеді Фото: pixabay

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев өткен мереке күндері интернеттің нашар істеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден 16-17 желтоқсанда интернеттің баяу істеуінің себебін сұрады. Сонымен қатар Жаңа жыл мерекелерінде мұндай мәселелер тағы қайталануы мүмкін бе деп нақтылады.

"Қандай да бір ақаулар болған жағдайда, біз оларға автоматты түрде жауап береміз. Мұндай проблемалар алдағы мерекелерде болмайды деп күтіліп отыр", – деді Жаслан Мәдиев.

Айтуынша, онда интернеттегі ақаулар "митингпен байланысты" деген ақпарат жоқ.

"Елімізде өте көп деректер базасы бар. Олар бір-бірімен интеграцияланған. Техникалық ақаулар кез-келген ұйымда, банкте, мемлекеттік органда, тіпті мемлекетте болуы мүмкін. Біз бұл ақауларды тез анықтап, жедел қалпына келтірдік. Адамдар 3-4 күн қатарынан интернетсіз отырды деген болмады. Тиісті мамандар бар. Олар оқиғаға талдау жүргізеді. Болашақта осындай қателіктер болмауы үшін шаралар қабылданып жатыр", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу