Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады

999

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда мерекелік салют болады, деп жазады inbusiness.kz. 

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Мерекелік отшашу 15 желтоқсан сағат 21:00-де қаланың үш нүктесінен шашырайды:

- Ботаникалық бақтың аумағы;

- Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жағалауы;

- Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы.

Айта кету керек, мерейтойлық датаға орай қаланың мәдениет мекемелері көрмелерден бастап тарих сабақтарына дейін бірқатар іс-шаралар дайындауда.

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай "Nomad City Hall" сахнасында "Жас Абай" спектаклі көрсетіледі.

16 және 17 желтоқсанда Астаналық цирктің бас манежінде "Астаналық цирк от жағады" қайырымдылық цирк бағдарламасы өтеді.

17 желтоқсанда "Жастар" сарайы "Менің Отаным – Қазақстан" концерттік бағдарламасына шақырады.

Елорда кітапханалары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай қала тұрғындары үшін іс-шаралар дайындады.

15 желтоқсан күні №3 бұқаралық кітапханада "Тәуелсіздіктің бастауы – желтоқсан" атты тарих сабағы, №5 бұқаралық кітапханада "Тәуелсіздік туы астында 30 жыл" атты ақпарат сағаты, №15 бұқаралық кітапханада "Тәуелсіздік – елдің тірегі" атты тарих сағаты өткізіледі. 16 желтоқсанда Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы "Тәуелсіз елім – Қазақстаным" кітап көрмесіне, №2 Балалар кітапханасы "Егемен елміз, еркінбіз! ертеңгілігіне, ал №3 бұқаралық кітапхана – "Желтоқсан көтерілісі-тәуелсіздікке ұмтылған жастардың күресі" атты тарих сабағына шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу