Тәуелсіздік күніне орай Астанада жүздеген іс-шара ұйымдастырылды

428

Олардың дені білім беру мекемелері  мен концерттік залдарда 16-желтоқсанға дейін өтті.  

Тәуелсіздік күніне орай Астанада жүздеген іс-шара ұйымдастырылды Фото: gov.kz

Ал осы демалыс күндері негізінен спорттық жарыстар басталады, деп жазады Inbusiness.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Мереке құрметіне садақ атудан Астана Ашық Кубогы өтеді. Биыл "Алғашқы қар" шаңғы маусымының ашылуы да атаулы күнге орайластырылған. Іс-шара шаңғы трассасында бүгін сағат 11.00-де басталады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік сарайында барлық санаттар мен жастағы жұптық билерден елорданың ашық чемпионаты ұйымдастырылады. Ал далада өткізуді жоспарлаған іс-шаралар күн райына байланысты жабық ғимараттарға көшірілді.

"Бүгін, ертең және арғыкүні бірқатар іс шаралар бар. Олардың көбі негізінен мәдени бағытта. Концерттік іс-шаралар болады. Одан кейін театрларда арнайы қойылымдар бар. Ауа райына байланысты сыртта өтуі тиіс болған көптеген іс-шаралардың барлығы ғимараттардың ішінде өтеді деген шешім қабылданды", - деп мәлімдеді қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұрат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу