"Тәуелсіздік" монументі алдындағы салтанатты шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, Ауған соғысының жауынгерлері және Чернобыль қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Nur Otan" партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.
Іс-шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу