"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

133

"Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты – дарынды жастарды анықтауға бағытталған Президент бастамаларының бірі. 

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жастарға жан-жақты қолдау көрсету Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, медиа-сарапшылар және бизнес өкілдері кірді. Аида Балаева комиссия әділ шешім қабылдағанына сенім білдірді.

Комиссия қорытындысы нәтижесінде 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Грантты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл барлығы 1700 өтінім түсті. Оның ішінде 1622 өтінім қабылданды. Атап айтқанда, "Бизнес" бағыты бойынша – 796, "Ғылым" Волонтерлік" бағыты бойынша – 171 өтінім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу