Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)
Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
- "Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
- "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
- "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
- "Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
- "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
- "Волонтерлік" – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында (бұл ретте, а.ж. 18 тамыз, сағ.: 24:00-ге дейін) t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
- 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
- Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация
- (10 слайдтан аспайтын);
- 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы
- (word форматы);
- Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
- Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).
- "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидалары (жүктеу).