Биыл екінші рет ұйымдастырылған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпаздары анықталды. Конкурс қорытындысында, үздік жоба ұсынған 33 жастың әрқайсысы, 3 миллион теңгеден грант жеңіп алды.
Қайтарымсыз қаржыны, жастар өз жобасын жарыққа шығаруға жұмсай алады. Олар ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар мен бизнес және медиа аталымдары.
Биылғы байқауға еліміздің әр аймағынан 14 пен 29 жас аралығындағы, 3 мыңға жуық жас өз жобаларын ұсынған.Олардың ішіндегі үздіктерін, арнайы құрылған комиссия іріктеді.
Жеңімпаздар Астана қаласына шақыртылып, гранттар салтанатты шарада табысталды. Жиында жоба авторларын Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Жастардың бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейтін конкурстың өзектілігіне тоқталды.
Сонымен қатар, соңғы жаңалықтарға байланысты келер жылдан бастап байқауға қатысушылардың жас ерекшелегіне қойылар талаптардың өзгеретінін атап өтті.