Тәуелсіздік жылдары Павлодар облысында 96 емдеу мекемесі салынды

1011

Алдағы үш жылда тағы 12 медициналық нысан бой көтереді. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тәуелсіздік жылдары Павлодар облысында 96 емдеу мекемесі салынды

"Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың барлық бағыттары біз үшін маңызды. Павлодардың жаңа шағын ауданында көпсалалы аурухана салуды, сондай-ақ өңірде тағы үш ауылдық медициналық мекемелер құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылға дейін барлығы 12 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. Осылайша, медициналық ұйымдар өңір тұрғындарының 90%-дан астамы үшін қадамдық қолжетімділікте болады", – деді облыс әкімі.

Бұл ретте Тәуелсіздіктің басты жетістіктігі ретінде кардиохирургиялық орталық жұмысын мысалға келтірді. Емдеу мекемесі қолданысқа берілгеннен бастап, яғни 9 жыл аралығында 18 мыңнан астам ота жасалған. Оның үштен бір бөлігі ашық жүрекке жасалды. Мұнда Павлодар облысы мен оған көршілес жатқан өңірлердің 80 мыңнан астам тұрғыны жыл сайын жоспарлы және жедел медициналық көмек алады. Ал өткен жылдан бастап кардиохирургиялық орталық жанынан инсульттік орталық ашылды.

"Сонымен қатар медициналық кадрлардың әлеуетін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Айталық, жыл басынан бері ауылда еңбек етуге келген 85 дәрігерге 41 млн теңге көлемінде көтермеақы берілді. Тағы 52 қызметкер 211 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Алдағы уақытта облыс орталығында ақ желеңділер мен медициналық колледж студенттері үшін 400 орындық жатақхана салынады", – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу