Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Дарынды жастарға 30 гранттық жоба ұсынылады

710

Қазақстанда түрлі саладағы талантты жастарға 30 гранттық жоба ұсынылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп берген кезде айтып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Дарынды жастарға 30 гранттық жоба ұсынылады

"Биыл "Тәуелсіздік Ұрпақтары" атты түрлі саладағы талантты жастарды қолдауға арналған 30 гранттық жоба ұсыну жоспарланып отыр", - деді министр.

Аида Балаева сонымен қатар 2020 жылы Жастар жылының Жол картасы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмысшы жастар 1 мың жалдамалы пәтерге қол жеткізгенін жеткізді. 2021 жылы тағы жастарға тағы 3 мың пәтер беріледі.  

"Былтырғы есептік кездесуде "Жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары" әзірленіп жатқаны айтылған болатын. Сапалы білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту, мәдени-рухани қолдау сынды 10 негізгі бағыттан тұратын Жоспар бүгінде толық қабылданып, нақты іске асып жатыр", - деді ол.

Аян Бекенұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу