Тәулігіне 1,1 млн дана медициналық бетперде өндірілмек

955

Қоймаларда 4 млн 97 мың бетперде бар.

Тәулігіне 1,1 млн дана медициналық бетперде өндірілмек

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов елде қанша тонна медициналық бетперде мен залалсыздандыру құралдары шығарылатынын айтты.

"Елімізде антисептикалық, яғни залалсыздандыруға арналған бұйымдар мен медициналық бетперде шығару қуаты жеткілікті. Қазір залалсыздандыру құралдарын өндіретін қырықтан астам кәсіпорын және медициналық бетперде шығаратын 9 кәсіпорын бар. Сондай-ақ, жетпістен астам тігін кәсіпорыны де бетперде тоқиды. Біз өндірісті әр күн бақылап отырамыз. Мысалы, 10 шілде күні 706 мың дана бетперде өндірілді. Ал қоймаларда бүгінгі күні 4 млн 97 мың бетперде бар. Сонымен қатар, 1 тәулікте 64 мың литр залалсыздандыру бұйымы өндірілді. Қоймаларда 360 мың литр сақтаулы", – деді вице-министр сөзінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі медициналық бетпердеге деген сұраныс 6 айда 111 млн дана. Жаңадан өндіріс орындарының ашылуы есебінен, бетперде өндірісі тәулігіне 1,1 млн данаға жеткізілмек. Осылайша, 6 айда 190 млн дана бетперде өндіру жоспарлануда.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу