Тәулігіне 1600 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр

680

Медициналық масканың бағасы 28% арзандады. 

Тәулігіне 1600 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп берді. 
Жағдайдың тұрақтанып келе жатқанын баяндаған министр: "COVID -19 ауруын жұқтыру жағдайы тәулігіне шамамен 1500-1600 адамды құрап отыр. Пациенттерге үйінде көмек көрсету мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін 2 962 мобильді бригада құрылды. Осы айдың соңына дейін мұндай бригадалардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі. Емханалардағы call-орталықтардың саны 16% артты. Оның жұмысына білікті кеңесші дәрігерлер, фельдшерлер мен медициналық ЖОО студенттері тартылды. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдететін 1 958 аппарат бар. Әкімдіктер қосымша 4 183 аппараты сатып алады. Оның 3 105-і отандық тауар өндірушілерден алынады. Сонымен бірге, 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады", – деді.

Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік және жекеменшік зертханалар тәулігіне 32 мың тест алып жатыр. Ал медициналық масканың бағасы 28% арзандады. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу